Добавить
Уведомления

"Ақтөбе"- күміс жүлде иегері

«Ақтөбе» футбол клубы биыл күміс жүлдені місе тұтты. Кеше Қазақстан чемпионатының 23-ші маусымы аяқталып, екінші орын алған футболшылар мен жаттықтырушылар марапатталды. Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрда өткен шараға жанкүйерлер де қатысты. Марапаттау рәсіміне әзірленген арнайы бейне топтама алдымен жиналғандарды жігерлендіріп тастады. Жаттығу кезінде төгілген тер мен қақпаға соғылған әр жеңіс голына жанкүйерлер тағы бір мәрте риза болды. Көп ұзамай сахнаға күміс жүлдеге ие болған команданың жаттықтырушылары мен ойыншылары шықты. Күміс медаль облыс әкімі Архимед Мұхамбетовке де берілді. Өңір басшысы жиналғандарды жеткен жетістікпен құттықтады. Облыс әкімі алматылық «Қайратпен» Қазақстан Кубогі үшін болған ойынды өкінішпен айтты. Ойсырай ұтылған команданың бір маусымда үш жарыс алаңында ойын көрсетуі қиын екенін еске салды. Келер жылы Еуропа Кубогіне қатысатын команданың ойыншыларына бар жағдай жасалып, қолдау көрсетілетінін тілге тиек етті. Ал қорғаушы Юрий Логвиненко маусым соңындағы жеңілістері үшін команда атынан кешірім сұрады. Айта кетейік, «Ақтөбе» футбол клубы соңғы он жылда үздік үштікке енген жалғыз команда. Биылғы ойындарға 186 мыңнан астам көрермен қатысып, футболшыларға қолдау білдірген.

Иконка канала Real Heroes Universe
17 подписчиков
12+
16 просмотров
год назад

, чтобы оставлять комментарии