29 көлі бар Айыртауға алыс-жақын елдерден туристер ағылуда
Имантау көлінің жағасында демалыс кешені ашылды. Бұл осы өлкеге келетін демалушылардың қатарын арттыра түспек. Бұдан былай Астанадан Айыртауға пойызбен де жетуге болады. Көлікпен барсаңыз да қиналмайсыз. Биыл аудан жолдарын жөндеуге 1 млрд теңге бөлінді. Осылайша билік басындағылар жылдағыдан екі есе көп турист тартуды жоспарлап отыр.. Азамат Құсайын жастайынан жағаға жақын болып өсті. Сондықтан туризм мамандығын таңдап, биыл 4-ші курсқа көшті. Бірақ жазда қатарластары секілді сауық құрмай, 21 жасында Шалқар көлінен демалыс орнын ашты. Азамат Құсайын, кәсіпкер -Таза ауа, тұзды көл, құмды жаға. Кәсіп ашып, демалушыларды қарсы алуға басқа не керек?! Енді шетелдік азаматтарды көбірек тарту керек. Мұнда барлығы бар. Тек еңбек пен ынта болса болды. Айыртау – таулы да, сулы мекен. Саясында 29 көлі бар. Өткен жыл мұнда жауынды жазға қарамастан 25 мыңнан астам адам демалып қайтты. Туристерді күтуге арабтар, венгрлер мен ресейліктер де ынталы. Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші -Имантау – Солтүстік Қазақстанның ең үлкен, әрі ең тұнық көлдерінің бірі. Бір басынан екінші басына дейін 15 шақырымдай. Ал ортасында арал бар. Аңыз-әңгімелерге сенсек, мұнда қазына көмілген. Алайда оны ешкім де таппаған. Қазынаны қайдам, дені жан рахатын іздеп келеді. Любовь Утте Германияның Мюнстер қаласында тұрады. Осы жылы Имантау көлінің жағасына жетуді ұйғарыпты. Қазақстанда тынығып қана қоймай, сауығып жатыр. Демалыс орнында фито-бөшке, фито-ванна қабылдауға болады. Любовь Утте, Мюнстер қаласының тұрғыны -Қазақстанның табиғаты өте әдемі екен. Мұндай сұлулықты көрмеппін. Айнала жасыл-желек. Суы мөлдір. Қызмет көрсеті деңгейі де көңілімнен шықты. Туризмнің дамуы инфроқұрылымға байланысты. Осы жылы Айыртау ауданының жолдарын жөндеуге 1 млрд теңгедей қаржы бөлінді. Биылдан бастап Астана, Қостанайдан пойыз Петропавлдан автобус бағыттары ашылмақ. Ағзам Тастеміров, Айыртау ауданының әкімі -Біздің шекарадан Ақмола облысынан Комаровкаға дейін тегіс тасжол салынып жатыр. Мынау Горный жақтан Петропавлға дейін қатынасатын жол Лавровка мен Антоновка қалып еді. Соны биыл нақты бітіретін болып ақша бөлінді. Екінші мынау Новоишимка мен Саумалкөлдің ортасында жөнделмей қалған учаске аяқталып жатыр. Сал-серілердің ізі жатқан Айыртау – табиғатымен ғана емес, тарихымен де бай өлке. Қарасай мен Ағынтай батырларының кешені, Ботай мәдениеті, Шоқан Уәлиханов мұражайы, әжесі Айғанымның үй-жайы. Бір сөзбен айтқанда жүз естігеннен, бір рет көрген артық. Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура