ШЕТЕЛГЕ ГАЗ ЭКСПОРТЫН ТОҚТАТЫП, ОТАНДЫҚ НАРЫҚТЫ ДАМЫТУ КЕРЕК
Өзімізге жетпей жатқанда, өзгені жарылқауға жол берілмеуі керек. Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорындағы газ саласы бойынша жұмысын қатаң сынға алды. Өйткені отандық ірі жобаларды жүзеге асыру үшін көгілдір отынның жеткіліксіздігі қолбайлау болып тұр екен. Президенттің сөзінше елде жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарының қабырғасы сонау Кеңес заманында қаланған. Біз ескіні жамап жүргенде, көрші Өзбекстан бірнеше жаңа зауыт салып үлгерді дейді мемлекет басшысы. Жаңа өндірістерді дамытуда табиғи газбен қамтамасыз ету нарықты дамытуға бұру керек деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, қазір елде үш ірі мұнай өңдеу зауыты бар. Олар Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында орналасқан.