Робототехника – сапалы білім беру кілті
Робототехниканың қыры мен сыры бойынша енді Ақсу кентінің оқушылары да барынша ізденетін болады. Себебі кентте апта ішінде №1 мен №2 орта мектептерінде робототехника кабинеттерінің ашылуы өтті. Аталған рәсімге қала әкімі Еркебұлан Баяхметов арнайы қатысып, роботтардың моделімен, құрылымымен және бағдарламалау жүйесімен танысып шықты. Заман талабы болған робототехника сыныптары бүгінде жоғары танымалдыққа ие. Мұндай білім саласындағы жаңа бағыт оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге қызығушылығын арттыратын болса керек. «Робототехника» үйірмесі арқылы оқушылар ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, инженерлік және дизайндық-ойлау, математикалық модельдеу дағдыларын қалыптастыра алады. Оқушылар роботтардың мүмкіндіктерін бағалап, үлкен қызығушылық танытып отыр дейді мектеп ұжымы. Заманауи құрылғылармен жабдықталған мұндай кабинеттің ашылуына «Қазақалтын» АҚ қолдау көрсеткен. Робототехникамен мектеп кезінен танысқан оқушыларда бұл салаға қызығушылығы пайда болып, соның арқасында болашақта робототехника саласында көптеген жетістіктерге жетеді деп сенеміз. #mediastep #media #stepnogorsk #mediastepnogorsk #stepnogorsknews #aqmolanews #aqmola #aqmolaregion #kazakhstan #journalism #tv #news #степногорск #медиастепногорск #медиацентрстепногорск #городскоетелевидение #новостистепногорск #степногорскофициально